386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Реал-Ювентус: Мадрид командасынан қарымта қайтаратын сәт туды

  • 482
  • UPD: 18:32, 11.04.2018
<span class=favorites>Реал-Ювентус: Мадрид командасынан қарымта қайтаратын сәт туды</span>

Чемпиондар лигасының ширек финалдағы тағы екі кездесуі өтеді. Мюнхенде «Бавария» «Севильяны» қабылдаса, Мадридте «Реал» мен «Ювентус» алаңға шығады.

Алғашқы ойында 3:0 есебімен жеңіске жеткен Зидан шәкірттері жартылай финалға біртабан жақын тұр. Италия командасы есе қайтаруға тырысады. «Ювентус» сапында шабуылшы Дибала алаңға шықпайды. «Реал» Серхио Рамос пен Начоға сенім арта алмайды. Бас бапкер Аллегри «Романың» ерлігін қайталасақ дейді. Италия командасының қақпашысы Джанлуиджи Буффон да алдағы ойын жайлы өз пікірін білдірді.

Джанлуиджи Буффон, «Ювентус» командасының қақпашысы:

- Біз қандай команданың жейдесін киіп жүргенімізді түсінеміз. Үздік командалар әрқашан да жеңіске жетуге ұмтылады. Футбол тарихында ерлікке татитын кездесулер болғаны белгілі. Мүмкін емес жағдайлардан жол іздеу керек. Ерік-жігер мен жеңіске деген сеніммен алаңға шығамыз.

Хабар 24 телеарнасы