382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Самбошы Әлібек Зекенов Индонезияда өтетін Азия ойындарында елорданың намысын қорғайды

  • 458
  • UPD: 15:55, 12.04.2018
Самбошы Әлібек Зекенов Индонезияда өтетін Азия ойындарында елорданың намысын қорғайды

Жезқазған қаласында самбо мен жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.

Бұл туралы Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы хабарлады.

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 400-ден аса спортшы қатысты. Жекпе-жектер бес салмақ санатында өткізілді – 90, 62, 74, 56 және 52 кг. Жарыста елордалық «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері Астананың намысын қорғады.

Турнирде ең ауыр салмақта Әлібек Зекенов (90 кг) чемпион атанды. Оны жоғары санаттағы бапкер, самбодан спорт шебері Асылбек Кәкенов жаттықтырады. Бұл жеңіс арқылы елордалық спортшы Индонезияда өтетін «Азия ойындары-2018» қатысуға лицензияға қол жеткізді.

Самбошы Ажар Кеңбейіл де (56 кг) ел чемпионатында астаналықтардың қоржынына тағы да бір алтын медаль салды.

Жазғы XVIII Азия ойындары – беделді құрлықтық жарыс. Ол 18 тамыз-2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өтеді. Азия ойындарында 61 дисциплина бойынша 45 мемлекеттің спортшылары күш сынасады.

Хабар 24 телеарнасы