378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді

  • 499
  • UPD: 11:59, 19.04.2018
Шымкентте күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді sport.inform.kz

Шымкент қаласында күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты жалауын көтереді.

28 сәуір мен 3 мамыр аралығында Шымкент қаласында күрес түрлерінен дүбірлі дода өтеді. Еліміздің ең үздік балуандары боз кілемде өзара мықтыны анықтап, алдағы өтетін Азия ойындарына жолдаманы сарапқа салатын болады. Бұл додада Әлем және Азия чемпионатының жүлдегерлері де сынға түсіп, Қазақстан чемпионы атағына таласатын болады.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында өту керек болған. Алайда белгісіз себептерге байланысты Шымкент қаласына ауыстырылды.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы