389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдында соңғы жолдастық кездесуін өткізді

  • 333
  • UPD: 17:22, 19.04.2018
Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдында соңғы жолдастық кездесуін өткізді

Алдағы демалыста хоккейден ересектер арасындағы әлем чемпионаты басталады.

Осыған орай Қазақстан құрамасы тағы бір жолдастық кездесу өткізді. Жерлестеріміз бұл жолы Австрия хоккейшілерімен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Мергендігімен көзге түскендер арасында Валерий Орехов, Павел Акользин және Ярослав Евдокимов бар. Ал Роман Старченко дубль авторы атанды.

Айта кету керек, бұл – ұлттық құраманың әлем чемпионаты алдындағы соңғы жолдастық кездесуі. Енді 22 сәуірден бастап Будапешт қаласында элиталық топтың жолдамасын сарапқа салады. Оған Қазақстан құрамасынан бөлек Словения, Италия, Польша, Венгрия және Ұлыбритания хоккейшілері қатысады. Ал жарыстың жалпы қорытындысы 28 сәуірде белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы