378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каратэ: қазақстандық бүлдіршін тұңғыш рет Жапония чемпионатында жеңіске жетті

  • 525
  • UPD: 19:02, 19.04.2018

Қазақстандық Рамазан Жәнібек каратэден Жапонияның ашық чемпионатында топ жарды.

Айта кету керек, балалар арасында бұндай жетістікке жерлестеріміз арасынан бұрын-соңды ешкім жеткен жоқ. 6 жасар Рамазан Астанадағы №60 мектепте оқиды. Каратэмен де сол мектеп жанындағы секцияда айналысады. Жапониядағы біріншілікте ел намысын бірнеше бала қорғаған еді. Араларынан тек осы Рамазан ғана жүлдеге ілікті. Тіпті бапкерінің өзі осындай олжамен ораламыз деп ойлаған жоқпын дейді.

Арман Қуандықов, жаттықтырушы:

- Соңғы 15 жылдың ішінде Жапония чемпионаттарында біздің балалар топ жарған жоқ. Сондықтан Рамазанды жүлдеге іліксе де, чемпион болады деп ойламадым. Бұл нәтиже біз үшін үлкен қуаныш. Еңбегіміздің ақталғаны.

Рамазан Жәнібек, Жапония ашық чемпионатының жеңімпазы:

- Менің қырсыластарым жақсы төбелесті. Мен онда бірінші орын алдым. Жасым 6-да. Финал қиын болды.

Арман Қуандықов жетекшілік ететін секцияда осы мектептің 50-ге жуық оқушысы жаттығады. Оның басым бөлігі төменгі сыныптың балалары. Жапониядағы жеңістен кейін енді басқа спортшылардың да каратэге ерекше ынтасы ауып, чемпиондық жолды жалғастырғысы келетіндер көбейген.

Әмірхан Көкенай, каратэші:

- Біз жүгіреміз. Дайындаламыз. Жарыстарда жеңеміз. Бірінші орын аламыз. Рамазан бірінші орын алды.

Хабар 24 телеарнасы