376,72 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда көру қабілеті төмен жандар арасында дойбыдан өңірлік чемпионат басталды

  • 783
  • UPD: 17:45, 19.04.2018
Таразда көру қабілеті төмен жандар арасында дойбыдан өңірлік чемпионат басталды

Спорттық шара Астана қаласының 20 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған.

Жарысқа аймақтағы 4 аудан мен облыс орталығынан 32 мүмкіндігі шектеулі азамат қатысып жатыр. Олардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды. Үздік шыққан ойыншылардан облыс құрамасы жасақталмақ. Олар мамыр айында Орал қаласында өтетін республикалық біріншілікке дайындалады.

Сағат Оспанов, Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны:

- Бір жылдан бері араласамын. Үйде де балалармен дойбы ойнаймыз. Дойбыны кішкентайымнан ойнаймын. Мектепке бармай тұрғанда бастадым десем де болады. Маңыздылығы ой-өрісіңді өсіреді. Оралда болатын жарысқа қатысып, орын алуға тырысамыз. Тараздың намысын қорғаймыз деп ойлаймын. 

Саттар Бейсенбаев, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

- 10 спорт түрінен 220 спортшы тіркеліп, осындай бұқаралық спортқа қатысуда. Тек қана 10 спорт түрін дамытып жатқан жоқпыз. Біз өзіміздің спорт клубта жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, жүзу секілді спор түрлерін дамыта бастадық. Болашақта біз бұл спорт түрлерін өзіміздің спорт клубымызға тіркеп, әрі қарай әлем деңгейіне шығып, сол осы спорт түрлерін әрі қарай дамыту жоспарымызда бар.

Хабар 24 телеарнасы