379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин мен Мартиросян жекпе-жек алдында көз арбасты

  • 430
  • UPD: 09:55, 24.04.2018
Головкин мен Мартиросян жекпе-жек алдында көз арбасты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) көз арбасты.

Головкин-Мартиросян кездесуі 5 мамыр күні Карсондағы (АҚШ Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді. Журналистерге берген сұхбатында Геннадий өзінің қарсыласына үлкен құрмет танытып, оның мықты, тәжірибелі боксшы екенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz. Сонымен қатар GGG бұл кездесуде жеңістің оңайға түспейтінін айтты. Сондай-ақ ол рингке шығатынына және тап осы «Синко де майомен» жұдырықтасатынына риза екендігін жеткізді.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы