383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шайбалы хоккей: Қазақстан Италиядан 0:3 есебімен ұтылып қалды

  • 777
Шайбалы хоккей: Қазақстан Италиядан 0:3 есебімен ұтылып қалды

Шайбалы хоккейден әлем біріншілігінің бірінші дивизионының «А» тобында ойнайтын Қазақстан үшінші кездесуін Италиямен өткізіп, 0:3 есебімен ұтылып қалды.

Ойын тағдыры бірінші кезеңде шешілді десе де болады. Бесінші минутта Петер есеп ашып, мықтылар санатына енуге Италия үмітті екенін аңғартты. Диего Костнер соққан гол әлгі жоспардың бекер құрылмағанын паш етті. Рас, Қазақстан таразы басын теңестіруге тырысты. Алайда екінші кезеңде Шон Макмонагл мергендік танытып, Италия мерейін үстем етті. Олар алты ұпаймен көш бастады. Карлссонға қақпа күзеттіріп, Кевин Даллмэн Лакиза секілді ойыншыларға сенім артқан Қазақстан құрамасы ертең Словениямен ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы