385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандағы «Бәйтерек» оңалту орталығының тәрбиеленушілері сарбаздарға арнап концерт қойды

  • 601
  • UPD: 20:11, 28.04.2018
Талдықорғандағы «Бәйтерек» оңалту орталығының тәрбиеленушілері сарбаздарға арнап концерт қойды

Талдықорғандық өрендер Отан қорғаушылар алдында өз рухтарының биік екенін көрсетті.

Олар Отан қорғаушылар күні қарсаңында Талдықорған гарнизонының сарбаздарына концерт қойды. Бағдарламада өткен кезеңдердегі әскери әндер шырқалды. Балалар би билеп, тақпақтар айтты.

Айта кетейік, қазіргі күні бойында кінәраты бар балаларға арналған «Бәйтерек» оңалту орталығында 120 жеткіншек тәрбиеленеді.

Ринат Ақпар, Талдықорған гарнизоны әскери сотының төрағасы:

- Ішкі жандары қандай мықты екенін көрсетті. Көріп отырмыз, балалар өлең айтқан кезде көзімізге жас та келді. 

Орынтай Абылайханұлы, сарбаз:

- Бүлдіршіндер денсаулықтарындағы ақаулықтарына қарамастан өте керемет концерт қойып жатыр. Тамаша бір концерттің куәсі болдық.

Хабар 24 телеарнасы