384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футбол. «Астана» турнир кестесінде 22 ұпаймен топ бастады

  • 346
  • UPD: 17:26, 30.04.2018
Футбол. «Астана» турнир кестесінде 22 ұпаймен топ бастады

Жетінші турда Қостанайдың «Тобылын» қабылдаған «Астана» 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 22 ұпаймен топ бастады.

17 ұпайы бар «Қайрат» екінші орында келеді. Үздік үштікте «Тобыл» бар. Сосын «Ордабасы» тұр. Екі команданың еншісінде 13 ұпайдан бар. «Шахтер» мен «Ақжайық» та алғашқы алтылықтың қатарында келеді. Жүлделі орыннан дәмелі болған «Ертіс» 7 ұпаймен жетінші орынды «Жетісумен» бөлісіп тұр. «Атырау» мен «Қызылжар» тиісінше тоғызыншы, оныншы орындарға жайғасты. «Қайсар» мен «Ақтөбе» көш соңында қалды.

Хабар 24 телеарнасы