389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жақында Қазақстан азаматтығын алған қақпашы «Барыстан» кетеді

  • 437
Жақында Қазақстан азаматтығын алған қақпашы «Барыстан» кетеді Sports.kz

Қазақстан азаматтығын алған швед қақпашысы Хенрик Карлссон «Барыс» командасынан кетеді, деп жазады Prosports.kz.

Қос тарап келесі маусымның соңына дейін жасалған келісімшартты бұзған көрінеді. Енді 34 жастағы хоккейші мансабын швециялық чемпионат – SHL-де  жалғастырады.

Естеріңізде болса, Карлссон биыл Қазақстан азаматтығын қабылдап, Венгрия елінде өткен әлем чемпионатына қатысқан болатын. Қазақстан құрамасы аталған турнирде Ұлыбритания мен Италия хоккейшілерін алға жіберіп, әлем чемпионатының элиталық тобына шыға алған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы