385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЧЛ: «Ливерпуль» финалға жолдама алды

  • 465
  • UPD: 09:23, 03.05.2018
ЧЛ: «Ливерпуль» финалға жолдама алды

«Ливерпуль» чемпиондар лигасының финалына жолдама алды.

Юргенн Клопп шәкірттері Римде жергілікті «Ромадан» жеңіліп қаласа да, «Энфильдт» стадионында соғылған бесінші голдың есебінен жарысты жалғастыратын болды. «Ливерпуль» қарымта матчты да қарқынды бастады. Садио Мане 9-минутында есеп ашты. Алты минуттан кейін Джеймс Милнер өз қақпасын нысанаға алды. Бірақ Джорджиньо Вейналдум белсеніп, 25-минутта қонақтар қайта алға шықты. Екінші таймда Эдин Джеко Найнгголан 2 гол соғып, өз шеберліктерін паш етті. Қорытынды есеп – 4:2.

Дегенмен апта бұрын «Ливерпуль» өз алаңында «Романдан» 5:2 есебімен басым түсіп еді. Демек енді Юрген Клопп шәкірттері Киевте «Реалмен» бас жүлдені сарапқа салады.

Юрген Клопп, «Ливерпуль» командасының бас бапкері:

– Жанкүйеріміз Шон Коксқа деген ойыншылардың құрметі финалға берілер жолдаманы жұлып алуға негіз болды дер едім. Ол ауырып жатыр. Жігіттерге айттым. Шон үшін жанымызды салайық деп. Иә, жолымыз болды. «Рома» сансыратып жіберді. Дегенмен финалдамыз. Ол кезде босаңсуға мүлде болмайды. Сәттілік көмектесті. Енді ойлануға тура келеді.

Эусебио Ди Франческо, «Рома» командасының бас бапкері:

Командам психологиялық тұрғыда керемет жетістікке қол жеткізді деп айта аламын. Ұмтылыста да мін жоқ. Бірінші таймда екі рет қателестік. Соның есебінен мәселені түпкілікті шеше алмадық. «Ливерпуль» мықты команда. Оған дауым жоқ.

Хабар 24 телеарнасы