380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Жеңіс күні мерекесіне орай самбодан жарыс өтеді

  • 820
  • UPD: 21:38, 03.05.2018

5-6 мамыр күндері Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде спорттық және жауынгерлік самбодан айтулы жарыс өтеді.

Жеңіс күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған республикалық турнирге кіл мықтылар келмек. Ашық турнир болғандықтан Тәжікстан мен Өзбекстан және Ресей мен Белорусь самбошылары да бақ сынауға бел буып отыр. Қырғыздар екі бірдей команда жасақтап жатыр. Қазақ елінің намысын  талай сында ысылған  спортшылар қорғайды. Атап айтар болсақ жауынгерлік самбодан әлемнің екі дүркін қола жүлдегері Нұргелді Қиялбеков пен жақында  ғана ел біріншілігінде көзге түскен Батыр Мұқатаевтардың аянып қалмасы анық. Болашағынан зор үміт күттіретін  Мирас Бауберіков пен Самат Сағатбеков секілді жастарымыздың да көсілетін кезі осы.  Қазақша күрестен қарсылас таппай жүрген Төленбай Қасымхан мен Ниетбай Дәулеттер де оң жамбасқа келгенін кешірмейді. Қысқасы спортшыларымыз  қызу дайындалып жатыр.

Бауыржан Садыханов, самбодан Алматы қаласының бас бапкері:

- Әскери самбодан да, спорттық самбодан да балаларымыз өте мықты. Бірінші, екінші, үшінші орын аламыз ба деген үміттеміз. Мынау Қырғызстанның командасы жауынгерлік самбодан өте мықты. Өзбекстан мықты, Ресей мықты қазір. Жарыс бұрын-соңды болмаған. Өте үлкен  жарыс. «Рухани жаңғыру» аясында өтетін өте мықты жарыс.

Хабар 24 телеарнасы