386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа лигасы: «Атлетико» «Арсеналды» 1:0 есебімен жеңді

  • 295
  • UPD: 09:33, 04.05.2018

Францияның «Марселі» Еуропа лигасының финалына жолдама алды.

Шешуші голды Роланду кездесудің 116-минутында соқты. Олай болатыны негізгі уақытта «Зальцбург» 2:0 есбімен жеңіске жетіп, қос матч қорытындысы бойынша таразы басын теңестірген. Францияда алаң иелері дәл сондай нәтижемен басым түсіп еді. «Марсель» финалда Испанияның «Атлетикосымен» ойнайды. Диего Симеоне шәкірттері өз кезегінде «Арсеналды» ұтты. Есеп – 1:0. Гол соққан – Диего Коста. Екі команда да шабуылға иек артты. Мысалы, «Атлетико» қарсыластар қақпасына он бес соққы бағыттапты. Арсен Венгердің шәкірттері де жеті рет тепті. Бірақ қақпаға дарыған жоқ.

Диего Симеоне, «Атлетико» командасының бас бапкері:

Облак керемет ойнады. Люка Эрнандес Месуттің адымын аштырмады. ТОмас Парти Уэлбекті тұсап тастады. Витолоның көп көмегі тиді. Ол командаға бірден сіңіп кеткенін де айта кетейін. «Ванда Метрополитано» стадионында бізді жеңу өте қиын. Өйткені жанкүйерлер қолдауын сезінгенде жігіттерім қанаттанып кетеді. Финалға жолдама алдық, қуанып жатырмыз.

Арсен Венгер, «Арсенал» командасының бас бапкері:

– Біздің жігіттер жанын салды. Бірақ мәселені оң шеше алмадық. «Атлетико» кубок иегері атанатын шығар. Сауатты ойнады. Әрине, өзек өртеніп барады. Бірақ не істей аласыз.

Хабар 24 телеарнасы