378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Джиро д’Италия-2018»: жарыс Сицилияда жалғасады

  • 341
  • UPD: 17:40, 07.05.2018
«Джиро д’Италия-2018»: жарыс Сицилияда жалғасады

Велоспорттан «Джиро д’Италия» көпкүндігі басталды.

Биыл Гранд-Турдың алғашқы үш кезеңі Израиль жерінде өтті. 229 шақырымға созылған үшінші кезеңде италиялық Элиа Вивиани жеңіске жетті. Спринтерлік сайыста «Астана» сапынан эстониялық Танел Кангерт көзге түсіп, мәре сызығын 22-ші болып қиды. Жалпы есепте өзгеріс жоқ. Австралиялық Роан Деннис қызғылт жейдені сақтап қалды. «Астана» командасының велошабандозы Пельо Бильбао көшбасшыдан 19 секундқа ұтылып, бесінші орында келеді. Бүгін Джирода демалыс. Ертең велоспортшылар Италияның Сицилия аймағында жарысты жалғастырады.

Хабар 24 телеарнасы