384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада ММА-дан Қазақстан чемпионаты басталды

  • 378
  • UPD: 17:40, 08.05.2018
Астанада ММА-дан Қазақстан чемпионаты басталды

8 мамырда Астанада ММА-дан ел чемпионы атағын алу үшін барлық өңірлерден 200 спортшы жиналды.

Жекпе-жек бес әйелдер мен тоғыз ерлер салмақ санаттары бойынша өтіп жатыр. Қазақстан чемпионатына алғаш рет 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысуда. Бұл жолы жасөспірімдер дәрежесінен 40 спортшы бақ сынауға ниет білдірген. Атап айтқанда, бәсеке 8-11 мамыр аралығында елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында өтеді. Жарыстың алғашқы күні жасөспірімдердің күш сынауынан басталды. ММА федерациясының бірінші вице-президенті Асылбек Дүйсеновтың айтуынша, жасөспірімдер дәрежесіндегі спортшылардың деңгейі жақсы.

«Бүгін ел чемпионатында алғаш рет жасөспірімдер қатысып жатыр. Олар жасына қарамастан, жақсы жекпе-жек көрсетуде. Көптеген айқастар мерзімінен бұрын бітіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде-ақ олардың әлеуетінің жоғары екендігін көріп отырмыз», – деді ол.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы