383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Джиро д'Италия»: Astana велокомандасының шабандозы ұтылып қалды

  • 255
  • UPD: 18:55, 09.05.2018
«Джиро д'Италия»: Astana велокомандасының шабандозы ұтылып қалды

Бір күндік демалыстан кейін велоспорттан «Джиро д'Италия» көпкүндігі жалғасты.

Сицилия аймағындағы 198 шақырымдық төртінші кезеңде Бельгия командасының өкілі Тим Велленс жеңіске жетті. «Астана» велокомандасының шабандозы Луис Леон Санчес жеңімпаздан төрт секунд ұтылып, мәреге сегізінші болып келді. Қазақстандық команданың тағы бір спортшысы Пельо Бильбао кезеңді 15-ші болып аяқтады. Жалпы есепте Роан Деннис топ басында тұр. «Астаналық» Пельо Бильбао қызғылт жейденің иесінен 25 секундқа ұтылып келеді. Бүгін «Джиро д'Италия» көпкүндігінің бесінші кезеңі 153 шақырымға созылады. 

Тим Велленс, Lotto Souda велокомандасының өкілі:

- Төртінші кезеңде жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Енді біздің команда «Джиро д'Италия» көпкүндігінің басқа кезеңдерін де сәтті өткізеді деген сенім пайда болды. Қобалжу артта қалды. Өзіңе сенімді болсаң, жеңіс те оңай келеді.

Хабар 24 телеарнасы