389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада хоккейден балалар арасында Жеңіс кубогі сарапқа салынды

  • 707
  • UPD: 18:21, 10.05.2018

Астанада балалар арасындағы шайбалы хоккейден Жеңіс кубогі сарапқа салынды.

Жарысқа Қарағанды мен Алматы және елордалық хоккей командаларынан бөлек, Ресейдің Том қаласынан да имек таяғын ұстаған жеткіншектер келді. 200-ге тарта баланың басын қосқан турнир жаңа форматта өтті. Әр команда сапында төрт ойыншы мен бір қақпашы айдынға шықты. Яғни футзал немесе шағын футбол секілді, шайбалы хоккейдің де ықшам түрі бар. Мұз айдындағы төртке төрт ойыны жеткіншектердің шеберлігін шыңдауға, конькимен сырғанаудағы техникасын жетілдіруге жол ашады дейді-жаттықтырушылар. Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша «Астана» мен «Барыс» балалары алғашқы екі орынды өзара бөлісті.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Керемет жарыс, 120 бала аймақтардан келіп қатысты. Жаңа формат, 4+4 ойнады. Енді осы формат ай сайын осындай турнирлерді өткіземіз. Астанада, Қарағандыда сосын Өскеменде, өзіміздің федерация тізім жасап, соның бәрін жұмыстарын жоспарлап отыр.

Ғалым Нұржанов, «Жеңіс кубогі» турнирін ұйымдастырушы:

- Бұл турнир бірінші рет Қазақстанда ұйымдастырылып жатыр. Яғни үлкен мұз айдынында оны екіге бөліп, кросс айс дейді, сол кішкентай форматта. Мысалы, сегіз жасар балалар, төрт ойыншы ойнайды, сосын бір қақпашы болады. Ал тоғыз жасар балалар үш ойыншы плюс бір қақпашы. Бұл Канадада, Швецияда, Финляндияда өте жақсы дамыған ойындардың бірі. Өйткені кішкентай балалардың денсаулығына қатты зақым келмеуі, жүректеріне физикалық тұрғыдан ауыртпалық түспеуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы