445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да Қ.Қайсеновтың мерейтойына орай бокстан республикалық турнир өтті

  • 860
  • UPD: 22:24, 10.05.2018
ШҚО-да Қ.Қайсеновтың мерейтойына орай бокстан республикалық турнир өтті

Шығыс Қазақстандағы Ұлан ауданында бокстан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.

Шара халық қаһарманы, партизан жазушы Қасым Қайсеновтың 100 жылдығына арналды. Еліміздің 8 өңірінен жиналған 120 спортшының қарымы күшті. 50 келіге дейінгі салмақта ұландық өрен Сырым Қабдуалиев жеңіске жетті. Жас спортшының мақсаты келешекте ел намысын әлемдік додаларда қорғау.

Сырым Қабдуалиев, турнир жеңімпазы:

- Осы жарысқа мен 1-2 ай дайындалдым. Негізі мен боксқа 5 жыл қатысып келемін. Осы жарыстағы ең қиын қарсылас финалдағы қарсылас болды.

Назгүл Байгелдинова, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары:

- Бұл өткізіліп отырған жарыстың мақсаты Ұлан ауданының, ШҚО-ның бокс мәртебесін көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау, Қасым Қайсенов атамызды еске алу және спорт шеберлігіне үміткер атанып отырғандарды анықтау.

Хабар 24 телеарнасы