376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда велоспорттан ел чемпионаты басталды

  • 480
Көкшетауда велоспорттан ел чемпионаты басталды

«Астананың» жейдесін кигісі келетін жастар Көкшетауға жиналды.

Бүгін велоспорттан жасөспірім қыздар арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Ел біріншілігі 4 күнге созылады. Бұл сынға еліміздің 8 облысынан 39 спортшы қатысып жатыр. Бүгінде велоспорт елімізде кең қанат жайып келеді. Әсіресе Алматы облысының жастары белсенді. «Қазақстан бойынша велоспортпен айналысатын жастардың көбі Жетісу өңірінде», – дейді жаттықтырушылар.

Александр Келібаев, велоспорттан әйелдер құрамасының бас бапкері:

– Бұл чемпионатты Көкшетауда өткізіп отырған себебіміз – осы аймақта велоспорт дамыса дейміз. Спорттың осы түрімен балалар көбейсе екен деп ұйымдастырып отырмыз. Бүгін ауа райы мұнда бұлтты болып тұр екен. Бірақ ол біздің қыздарға кедергі емес. Тек күн суытып немесе нөсер жаумаса болды.

Хабар 24 телеарнасы