383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азия чемпионатында қазақстандық самбошылар 51 медаль иеленді

  • 361
Азия чемпионатында қазақстандық самбошылар 51 медаль иеленді sputnik-tj

Азия чемпионатында қазақстандық самбошылар 22 алтын, 16 күміс, 13 қола медаль иеленді.

Жалпы медальдар саны – 51. Қазақстан құрамасы турнир кестесінде 1 орынға жайғасты. Жеңіп алған медальдар саны бойынша екінші орында – Моңғолия құрамасы. Турнир иелері Қазақстанға алтын саны бойынша есе жіберді. Үшінші орында түрікмендік самбошылар.

Естеріңізге салайық, мамырдың 11-14 аралығында Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында самбодан ересектер, жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтті, Қазақстан намысын ұлттық құраманың 65 мүшесі қорғады. Турнир моңғол самбосының құрылуына 50 жыл толуына арнады. Азия чемпионаты осы жылы 29 тамыз-1 қыркүйек аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтетін Азия ойындарына дайындық саналады.

Хабар 24 телеарнасы