378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада әйелдер арасында бокстан ел чемпионаты басталды

  • 258
  • UPD: 17:35, 14.05.2018
Астанада әйелдер арасында бокстан ел чемпионаты басталды

Бұл бәсеке алдағы Азия және әлем біріншіліктерінде ел намысын қорғайтын қыздарды іріктеу үшін өткізіліп жатыр.

Сондықтан ұлттық құрама сапындағы мықтылардың барлығы да жарысқа түсуге ниет танытты. Бас-аяғы 80-ге жуық боксшы 4 күн бойы өзара үздікті анықтайды. Бағдарламада 10 салмақ дәрежесі бар. Ал  тартысты бәсекелер Азия және әлем чемпионаттарында рұқсат етілген салмақтар бойынша өтеді деп күтіліп отыр. Жарыстың алғашқы күндері іріктеу сындары басталды. Ал ел чемпиондарының есімі 17 мамырда белгілі болады.

Вадим Присяжнюк, әйелдер боксынан ұлттық құраманың бас бапкері:

- Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құраманы жасақтап, оны 2 топқа бөлеміз. Бірі құрлықтық, басқасы әлемдік додаға дайындалады. Әйтпесе, қос бірдей жарысқа қатысу қыздарға ауырлау. Өйткені екеуінің арасын 2-3 ай ғана бөліп тұр.

Хабар 24 телеарнасы