380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әулиеаталық 100-ге тарта шабандоз өзара мықтыны анықтауда

  • 787
  • UPD: 17:44, 14.05.2018
Әулиеаталық 100-ге тарта шабандоз өзара мықтыны анықтауда

Таразда көкпардан облыс біріншілігі өтіп жатыр.

Спорттық шараға 100-ге тарта жергілікті шабандоз келді. Жуалы, Байзақ, Меркі, Тұрар Рысқұлов аудандарынан 7 команда жиналып, өзара мықтыны анықтайды. Алғашқы кездесулер бүгін басталды. Айта кету керек, бұл жарысқа «Әулиеата» жастар командасы да қосылды. Негізгі мақсат арасынан үздік ойыншылар іріктеліп, облыс құрамасы жасақталмақ. Олар маусым айында елорданың 20 жылдығына орай ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасының чемпионатында облыс намысын қорғайды. Жарыс 2 күнге жалғасады.

Нұржан Жолдасбеков, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

- Осы ұлттық спортымызды жастар арасында насихаттау, сонымен қатар «Әулиеата» негізгі құрама командасына спортшыларды жасақтау болып табылады. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірнеше спорттық іс-шара өтті. Жыл басынан бері жүзден аса спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 20 мыңға жуық адам қатысты.

Хабар 24 телеарнасы