388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда марафон жеңімпазы ат мінді

  • 540
  • UPD: 22:15, 14.05.2018

Атырауда да дәстүрлі марафон ұйымдастырылды.

Үш мыңнан астам адам қатысқан спорттық доданың бас жүлдесі 4 млн теңгені құрады. Ал бас жүлде иегері жарыстан тұлпар мініп қайтты.

Атырауда өтіп жүрген халықаралық деңгейдегі марафонның танымалдылығы жыл санап артып келеді. Биыл жарысқа тек Қазақстан ғана емес, көрші мемлекеттерден де қонақтар қатысты. Ал құрметті қонақтардың қатарында аты әлемгі әйгілі отандастарымыз Әмин Тұяқов, Марат Жыланбаев және Александра Романова секілді спортшылар бар.  

Азамат Бекет, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Бұл дәстүрлі марафон биыл екінші рет өтіп жатыр. Былтыр 2 мың адам қатысқан болса, биыл 3 мың адам. Жылдан-жылға осы сан өсе береді деген сенім бар. Бұл шара Атырау облысы халқының спортпен айналысуына өте үлкен септігін тиігізеді деп сенеміз.

Марафонда 150 адам 42 шақырымды бағындырды, ал 10 шақырымдық жүгіруде 1000-нан аса ерікті қатысса, ең танымал қашықтық 4,5 шақырымды 1500 адам жүгіріп өтті. Атап айту қажет, биылғы жарысқа мүмкіндігі шектеулі жандар да қатысты.  

Кеңес Қониев, марафонға қатысушы:

- Марафонға қатысудың өзі мен үшін үлкен жеңіс. Осылай бір алға қойған мақсаттарыма жетуге деген ойымның алғашқы бастамасы деп ойлаймын. Осылай биіктен-биікке шығып жүре берейік.

Жарыстың барлық түрінің жеңімпаздары ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал марафонның абсолютті чемпионы Базарбай Дәуітәлиевке негізгі сыйлықтан бөлек ат мінгізілді. Осылайша ұйымдастырушылар қарапайым халықтың саламатты өмір салтын ұстануына баса ден қойып,  бұқаралық спорттық ойындарды жиі өткізуді дәстүрге айналдырды.   

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы