377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда балалар үйі тәрбиеленушілері арасында баскетболдан чемпионат өтеді

  • 540
  • UPD: 11:04, 15.05.2018
Алматыда балалар үйі тәрбиеленушілері арасында баскетболдан чемпионат өтеді

Мамырдың 16-23 аралығында «Достық» спорт кешенінде балалар үйі мен мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасында баскетболдан «Үміт Кубогы» Қазақстан чемпионатының жалауы желбірейді.

Ел біріншілігінде 2001 жылы туған және одан кіші балалар жарыс жолына шығады, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі сағат 11.00-де Олимпиада чемпиондары Әлжан Жармұхамедов пен Иван Едешконың қатысуымен өтеді.

Сонымен қатар осы турнир аясында мамырдың 15-17 аралығында баскетболдан балалар мен жасөспірімдерді жаттықтыратын, дене шынықтыру және спорт бапкерлері үшін арнайы Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов өз семинарын өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы