378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


17 жастағы қазақстандық каратэші Азия чемпионы атанды

  • 326
17 жастағы қазақстандық каратэші Азия чемпионы атанды Vesti.kz

Атыраулық каратэші Әбілмансұр Батырғали Азия чемпионы атанды.

16 мамырда Атырау халықаралық әуежайында спортшыны жақын туыстары, достары салтанатты түрде қарсы алды, – деп хабарлайды Vesti.kz  Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

«Қайсар» спорт клубының тәрбиеленушісі жапондық Окинава аралында каратэ спортынан ересектер мен жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатына қатысты. 700-ге жуық спортшы қатысқан жарыста 4 кездесу өткізіп, Шри-Ланка, Өзбекстан, Таиланд және Ирандық қарсыластарынан басып түсті.

Хабар 24 телеарнасы