384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа Лигасының чемпионы анықталатын сәт таяп қалды

  • 631
  • UPD: 19:50, 16.05.2018
Еуропа Лигасының чемпионы анықталатын сәт таяп қалды

Таяуда Еуропа лигасының жеңімпазы анықталады. Францияның Лион қаласында Марсельдің «Олимпигі» мен Мадридтің «Атлетикосы» алаңға шығады.

Екі команда соңғы рет Еурокубок додасында 10 жыл бұрын кездесіпті. Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойын 2:1 есебімен испан командасының пайдасына аяқталған. Жалпы француз клубтары УЕФА кубогы мен Еуропа лигасында топ жарған емес. Енді Марсель футболшылары осы олқылықты жоюға бел буды. «Олимпик» 1993 жылы Чемпиондар Лигасында жеңіске жеткені болмаса соңғы жылдары керемет жетістіктермен көрінген жоқ. Ал «Атлетико» Еуропа Лигасын 2010 жылы және 2012 жылы ұтып алды. Бұл жолы да Мадрид футболшылары басым түседі дейтіндер көп.      

Руди Гарсия, «Олимпик» Марсель командасының бас бапкері:

- «Атлетико» Испанияда ең қорғанысы мықты команда саналады. Сонымен қатар шабуылда да шебер ойнайды. Біз олармен финалда кездесіп отырмыз. Матч тағдыры бір кездесуде шешіледі. Сондықтан екі команданың да жеңіске жетуге мүмкіндігі бар. 25 жыл бұрын «Марсель» француз клубтары арасында тұңғыш рет чемпиондар лигасын ұтты. Енді міне Еуропа лигасында да осындай мүмкіндік туып отыр.  

Диего Симеоне, «Атлетико» командасының бас бапкері:

- Біз осы ойынға бар күшімізді саламыз. Мықты қарсылас күтіп тұрғанын мойындаймыз. Екі команданың ойын өрнегі ұқсас. "Марсель" жігіттері алаңда аянбай тер төгеді. Олар соңына дейін өз ойындарын көрсетуге ұмтылады. Бізді финалға сай кездесу күтіп тұр.

Хабар 24 телеарнасы