389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккейден әлем біріншілігінің жартылай финалына шыққан командалар анықталды

  • 415
Хоккейден әлем біріншілігінің жартылай финалына шыққан командалар анықталды Vesti.kz

Данияда өтіп жатқан хоккейден әлем біріншілігінің жартылай финалына шыққан командалар анықталды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай финалға шыққан соңғы команда – Швеция құрамасы. Олар 1/4 финалда Латвия құрамасын 3:2 есебімен жеңді. Финалға шығу үшін шведтер Чехия хоккейшілерін 3:2 есебімен ұтқан АҚШ командасымен бақ сынасады.

Осыған дейін Канада құрамасы жартылай финалға шыққаны хабарланды. Олар 1/4 финалда Ресей құрамасын 5:4 есебімен тізе бүктірді. Финалға шығу үшін олар Финляндия хоккейшілерін 3:2 есебімен ұтқан Швейцария құрамасымен бақ сынайды. 

Жартылайфиналдық ойындар 19 мамырда өтеді. Швеция - АҚШ кездесуі Астана уақыты бойынша 19:15-те басталады, ал Канада – Швейцария кездесуі 23:15-те басталады деп жоспарланған. 

Хабар 24 телеарнасы