389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада хоккейден әлем чемпионаты өтеді

  • 470
  • UPD: 14:44, 18.05.2018
<span class=favorites>Астанада хоккейден әлем чемпионаты өтеді</span>

Келер жылы Астанада хоккейден ерлер арасында бірінші дивизиондағы А тобының әлем чемпионаты өтеді.

Бұл шешім Данияда өтіп жатқан Халықаралық хоккей федерациясының IIHF съезіне қатысушы елдердің дауыс беру қорытындысы бойынша қабылданды.

Турнирді өткізуге Қазақстан мен Словения өтініш жолдаған.

Чемпионат 2019 жылдың 29 сәуірінен 5 мамырға дейін «Барыс Арена» мұзайдынында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы