388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккей: Стэнли кубогында жеңіліп қалған Овечкин өшін таяғынан алды

  • 401
  • UPD: 16:21, 18.05.2018
Хоккей: Стэнли кубогында жеңіліп қалған Овечкин өшін таяғынан алды vesti.kz

Шығыс конференциясының финалындағы төртінші ойында «Вашингтон Кэпиталз» өз алаңында «Тампа-Бэй Лайтнинг» клубын қабылдап, 2:4 есебімен жеңіліп қалды. Ойында Алекс Киллорнның шайбасы шешуіш болды, – деп хабарлайды «Чемпионат.com».

Ойын аяқталғанда «Вашингтон» капитаны, ресейлік хоккейші Александр Овечкин ашуға булығып таяғын сындырып тастады.

«Вашингтон Кэпиталз» 2-0 сериясын ұстап қала алмады. Соңғы екі ойында «Кэпитал-Уан-Аренасында» Овечкиннің командасы жеңіліп қалды. Бесінші ойын Тампада сенбіден жексенбіге қараған түні болады.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы