383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы триатлон сайысында әйелдер арасынан жеңімпаздар анықталды

  • 434
  • UPD: 15:31, 19.05.2018

Астана қаласында триатлоннан әлем кубогы жалғасып жатыр. Таңертең әйелдер сынға түссе, енді ерлер жарысады.

Әйелдер арасында кім бірінші келді? Чемпион кім?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Бірінші болып француз Сандра Доде келді. Ол мәре сызығын 3 сағат 4 минутта кесіп өтті. Екінші орынды оның отандасы алса, қоланы Италия спортшысы алды. Ал қазір Есіл өзеніне еркектер түсті. Олар да 1 жарым шақырым жүзіп, 40 шақырым велосипедпен жүріп, 10 шақырым жүгіреді.

- Күн суық емес па?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Күн қайта жылынды. Таңертең тіптен суық еді. «Алайда бұл біз үшін кедергі емес» дейді спортшылар. Әлем кубогына жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар атанған спортшылар ғана қатысады. Барлығы 130 атлет. Олар әлемнің түкпір-түкпірінен жиналып, өзара мықтыны анықтайды. Қазір менің жанымда тұр.  

Раухан Тоғымбаева, ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы:

- Барлық үміт қазақстандық жігіттерде.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Айта кетейін, Әлем кубогі Астана қаласының 20 жылдығына арналған. Мұндай деңгейдегі жарыс ТМД елдері бойынша өтпеген екен. Ал ертең әуесқой спортшылар сынға түседі. Мендегі бар ақпарат осы.

Хабар 24 телеарнасы