388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» БЖСМ хоккей маусымын қорытындылады

  • 521
  • UPD: 22:04, 20.05.2018

Бүгін «Барыс» хоккей клубының Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 2017-2018 жылдардағы маусымды қорытындылады.

Салтанатты шараға Үкімет басшысының бірінші орынбасары әрі отандық шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин мен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысты. Олар клуб басшылығын, бапкерлер мен ойыншыларды жоғары нәтижелерімен құттықтап, ел біріншілігі мен халықаралық жарыстарда жүлделі орыннан көрінген жас спортшыларды марапаттады. Осылайша «Барыс» хоккей мектебі республика бойынша екінші мәрте қатарынан үздік спорттық мекеме ретінде танылды. Айта кетейік, бүгінде 5 пен 16 жас аралығындағы 700-ден тәрбиеленуші 12 командаға топтастырылған.

Алексей Мамонтов, «Барыс» БЖСМ директоры:

- Елбасының қолдауымен «Барыс Арена» сынды спорттық нысандар көптеп салынып жатыр. Бұл ел басшылығының жалпы спорт дамуына үлкен мән беретіндігін көрсетеді. «Барыс» хоккей клубының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде барлық инфрақұрылым қарастырылған, бапкерлер штабымыз да жақсы. «Президенттік кәсіби спорт клубы» тарапынан қашан да үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Осыған байланысты біз жоғары сатылардан көрініп келеміз деген ойдамын. Ата-аналар қауымы да жұмысымызға риза.

Хабар 24 телеарнасы