380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мария Шарапова спорттан кететіні жайлы пікір білдірді

  • 227
  • UPD: 10:55, 21.05.2018
Мария Шарапова спорттан кететіні жайлы пікір білдірді Чемпионат.com

Ресейлік теннисші Мария Шарапова латвиялық Елена Остапенконы женгенен кейін, ойын туралы пікір білдірді. Оның сөзі WTA сайтында жарияланды.

«Бұл – құнды сәттер. Спорттық мансабым соңына таяп қалуына байланысты, қазір мен оның қадірін біліп отырмын. Бұл тараудың қалай өрбитіні белгісіз, алайда мен ойлағандай болады деп сенемін. Менің бірнеше айым ауыр өтті. Ойыннан кейін неге жымидың деп сұрайсыздар. Талай қиындықтарды жеңіп, спортқа қайтып оралып, өзіңнің әлі де бар екеніңді дәлелдегеннен кейін, неге қуанбасқа?», – деді ресейлік теннисші.

Қазіргі уақытта Шарапова жалпы тізімде 40-орында тұр. 30 жастағы спортшы бес рет «Үлкен дуылға» сериясында бес рет жеңімпаз атанған. Ол Лондонда өткен Олимпиада ойындарында күміс медаль иеленді.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы