384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда балалар лазерлі теннис шоуын тамашалады

  • 320
  • UPD: 23:29, 21.05.2018
Атырауда балалар лазерлі теннис шоуын тамашалады

Атыраудағы теннис орталығында тұңғыш рет лазерлі шоу ұйымдастырылды. Балаларға арналған қойылымдар жасөпірімдер арасында теннис спортын насихаттауды көздейді.

Ерекше сахналық және спорттық шоуды жергілікті теннис орталығында жаттығатын бүлдіршіндер өздері қойды. Қойылымға қонақ ретінде келген балалар екі сағат бойына қиял-ғажайып әлеміне саяхат жасап, түрлі-түсті лазер жарықтың көмегімен теннис ойнады. Қазақ теннис федерациясына қарасты орталықта қазір екі жүзден астам жасөспірім кәсіби түрде спортпен айналысады.

Вера Тихомирова-Брегвадзе, теннис орталығының директоры:

- Тарих, мәдениет, театр, шығармашылық өнері арқылы біз балаларды спортқа баулымақпыз. Бұл біздің теннис орталығының авторлық жобасы басқа аймақтарда да, елде де бұрын-соңды болған емес. Балалар қиял-ғажайып ертегілерді жақсы көреді. Сондықтан осындай ерекше жобалар арқылы балалардың кәсіби спортпен айналысуына насихат жасап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы