377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы «Challenge Другой ты!» спорттық шарасын қолдап, қатысушыларға бейнеүндеу жариялады

  • 1868
  • UPD: 11:51, 22.05.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Challenge Другой ты!» атты республикалық спорт шарасына қолдау көрсетіп, осы акцияның қатысушыларына бейнеүндеу жолдады.

Бұл бастаманың мақсаты – еліміздің тұрғындары арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау.

Акция аясында отандық танымал спортшылардың, еліміздің мәдениет және масс-медиа өкілдерінің қатысуымен ашық жаттығулар өткізу жоспарланып отыр. Осылайша, олар қазақстандықтарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға ынталандыратын болады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы