366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ж.Әлімханұлы Головкиннің дивизионында жұдырықтасады

  • 158
Ж.Әлімханұлы Головкиннің дивизионында жұдырықтасады vesti.kz

Бокстан 2013 жылдың әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой боксқа түбегейлі ауысқаннан кейін менеджер Эгис Климаспен келісімшартқа отырды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы боксшының өзі Алматыда өткен ашық жаттығу кезінде айтты. Сондай-ақ Әлімханұлы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 33 КО) салмағына ауысатынын мәлімдеді.

23 мамырда боксшы АҚШ-қа аттанады. Осы сапар барысында ол промоутермен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта оның бірнеше нұсқасы бар. Әлімханұлы нақты шешімді келіссөздерден кейін шығарады.

16 сәуірде Әлімханұлының кәсіпқой боксқа түбегейлі ауысатыны белгілі болды. 2016 жылы ол Алматыда өткен бокс кешінде колумбиялық Милтон Нуньеспен (35-18-1, 31 КО) жұдырықтасып, бірінші раундта нокаутқа түсірген еді. Ал былтыр Астанада ол бразилиялық Жильберто Перейру дос Сантосты (14-7, 10 КО) төрешілер шешімі бойынша жеді. Соңғы жекпе-жегін ол жартылай ауыр салмақта өткізді.

Хабар 24 телеарнасы