360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Kazakh TV» арнасында Л.Игита неліктен еліміздің футзал құрамасына қақпашы болуды таңдағанын айтып береді

  • 151
  • UPD: 18:28, 22.05.2018

«Қазақ ТВ» телеарнасындағы «Спортс Нейшн» бағдарламасының кезекті қонағы Лео Игита болады.

Футзал әлеміндегі ең мықты қақпашылардың бірі неліктен Бразилия ұлттық құрамасында ойнаудан бас тартып, Қазақстан азаматтығын алғанын айтады. Игита Алматыдағы өмірі жайлы да сөз қозғайды. Жаттықтырушы Какаудың «Қайраттан» кетуіне не себеп болғанын тілге тиек етеді. Бағдарламаның толық нұсқасын «Қазақ ТВ» арнасынан 23 мамыр сағат таңғы 9:20-да, 15:20 және 21:25-те көре аласыздар.

Лео Игита, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы:

- 2014 жылдың басында мені Бразилия құрамасына шақырды. Әрине тарихи отаным болғаннан кейін ойлана бастадым. Кейін отбасыммен ақылдаса келіп, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ойнауым керек деген шешімге келдім. Бұл ел менің өміріме үлкен әсер етіп, көп жақсылықтар жасады. Бразилия құрамасына іліну қиын екенін білемін.

Хабар 24 телеарнасы