383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық спортшылар каратэден өткен Еуропа чемпионатында сәтті өнер көрсетті

  • 423
  • UPD: 12:19, 23.05.2018
Алматылық спортшылар каратэден өткен Еуропа чемпионатында сәтті өнер көрсетті

Мамырдың 19-20 күндері Польшаның Ланцут қаласында киокушинкай каратэ WKB-дан (World Kyokushin Budokai) екінші Еуропа чемпионаты өтті.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста сәтті өнер көрсетті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Ұлттық құрамада 29 адамның 17-сі алматылық спортшылар болды. Олар «KFKO» Алматы филиалының каратэ шеберелері.

Бұл балалар мен ересектер арасындағы чемпионаттың нәтижесінде Қазақстан құрамасы 10 жүлдені қанжығаға байлады. Илья Нам (8-9 жас, 25 кг) алтынан алқа тақса, Тахауи Жарасбаев (10-11 жас, 50 кг) күміспен күптелді. Ал Михаил Лаврентьевке (18+, 70 кг) , Нұрали Мұратов (8-9 жас, 25 кг), Марк Зуев (30 кг), Жолжасбек Ахмедакжан (8-9 жас, 35 кг), Жансезім Асылханқызы (8-9 жас), Дәурен Молдабаев (16-17 жас, 70 кг), Александр Яковенко (18+, 65 кг), Эркинбек Ахмадалиевтарға (35-39 жас, 85 кг) қола жүлде бұйырды. Сонымен қатар, Марк Зуев пен Михаил Лаврентьев үздік техника мен көрсетілімде озып шықты. Ал толықконтакты каратэ Федерациясының басшысы Эркинбек Ахмадалиев «Турнирдің үздік спорттық төрешісі» номинациясы бойынша марапатталды.

Енді Қазақстан ұлттық құрамасы маусымның 21-і мен 24-і күндері Баку қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындық бастап кетті.

Хабар 24 телеарнасы