367.63 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украиналық боксшы Василий Ломаченко чемпиондық белбеуінен бас тартты

  • 137
  • UPD: 10:12, 24.05.2018
Украиналық боксшы Василий Ломаченко чемпиондық белбеуінен бас тартты vesti.kz

Украиналық боксшы Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) чемпиондық белбеуінің бірінен бас тартты, – деп хабарлайды vRINGe.com.

Еске салайық, украиналық боксшы 12 мамырда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен бокс кешінде венесуэлалық Хорхе Линаресті (44-4, 27 КО) нокаутқа түсіріп, жеңіл салмақта (61,2 келіге дейін) WBA титулын иеленді. 2016 жылы маусымда ол екінші жартылай жеңіл салмақта WBO чемпионы пуэрторикалық Роман Мартинесті (29-3-3, 17 КО) нокаутқа түсіріп, артынша төрт рет осы белбеуді сәтті қорғаған еді.

Бүкіләлемдің бокс ұйымының (WBO) ресми парақшасында Ломаченконың белбеуден бас тартқанын мәлімдеді.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы