366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасы Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

  • 361
<span class=favorites>«Хабар» арнасы Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді</span> kfb.kz

6 маусым күні Лондон қаласындағы Йорк-холл орталығында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді.

Боксшының қарсыласы әзірге белгісіз.

«Хабар» телеарнасы бұл кездесуді 6 маусымнан 7 маусымға қараған түні сағат 01.55-те тікелей эфирден көрсетеді.

Қазіргі таңда Данияр Флоридадағы жаттығу алаңында өзінің жеке бапкері Джон-Дэвид Джексонның жетекшілігімен дайындалып жатыр. Сондай-ақ таяу уақытта Даниярдың жаттығу алаңына әкесі, жаттықтырушы Марат Елеусінов пен ағасы, орта салмақта өнер көрсететін, кәсіби боксер Дәурен Елеусінов те қосылады.

«Флоридада жаттығып, Джон-Дэвидтен сабақ алу керемет. Мен күн сайын жақсы кәсіби боксшы болуыма көмектесетін жаңа дүниелерді үйреніп жатырмын. 6 маусымдағы жекпе-жегімді асыға күтіп жүрмін», – деп ой бөлісіті Данияр Елеусінов.

«Әуесқой бокста ең бастысы – бал жинау, бірақ мен бұл кездесу барысында Даниярдың жинақы, қатал, қарсыласына соққыларын барынша дөп тигізуді ойлағанын қалаймын», – дейді Джон-Дэвид Джексон.

Данияр кездесуін жартылай ауыр салмақтағы WBA Continental және британдық серіктестіктің чемпионы белбеуіне таласатын Лоуренс Околи мен Люк Уоткин арасындағы жекпе-жектің алдында өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы