388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында «Гран–Фондо Қазақстан» веложарысының кезеңі өтті

  • 334
  • UPD: 19:01, 28.05.2018
Алматы облысында «Гран–Фондо Қазақстан» веложарысының кезеңі өтті

Оған Қазақстан, Ресей, Украина, Германия, Польша, Өзбекстан және Қырғызстаннан 200-ден астам кәсіби және әуесқой велоспортшылар қатысты.

Бұл әлемдегі ең танымал сайыстардың бірі. 100 жылдық тарихы бар жарыс Италиядан бастау алған. Биылғы «Гран-Фондо» көпкүндігі әлемнің 12 елінде өтеді. Жетісу жеріндегі топтық бәсекелер Көксу ауданының Мұқыры ауылынан бастау алса, келесі күні Талдықорған қаласында жалғасты.

Вадим Винокуров, турнирді ұйымдастырушы:

- Салауатты өмір салтын қалыптастыруда бұл жарыстың алар орыны ерекше. Ол кәсіпқойлар мен әуесқойларды бір жолдың үстінде жолықтырды. Осының өзі бір қызық. Екіншіден, біздің өңірдің туристік әлеуетін таныстырды. Жерімізді, табиғатымызды насихаттады.

Хабар 24 телеарнасы