382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жеңіл атлет Виктория Зябкина Рига кубогының екі дүркін күміс жүлдегері атанды

  • 405
  • UPD: 16:31, 30.05.2018
Жеңіл атлет Виктория Зябкина Рига кубогының екі дүркін күміс жүлдегері атанды vesti.kz

Қазақстандық жеңіл атлет Виктория Зябкина Латвия астанасы Ригада өткен халықаралық жарыста екі қашықтық бойынша қатысып, қос күміс медальға ие болды, – деп хабарлайды ҚР жеңіл атлетика федерациясы.

Жерлесіміз Рига кубогында 100 және 200 метрге жүгірді. «Даугава» стадионында 100 метрге жүгіргендердің арасында Украина, Германия, Латвия, Эстония спортшылары болды. Негізгі бәсекелестік 20 жастағы жергілікті спортшы Синдия Букша мен 25 жастағы қазақстандық желаяқ Виктория Зябкина арасында өрбіді. Букша 1987 жылы орнатылған Латвияның жеке рекордын 0,05 секундқа жаңартып, Рига кубогының жеңімпазы атанды (11,29 с). Мәреге екінші болып келген Зябкинаның уақыт көрсеткіші – 11,36 секунд. Үштікті жастар арасындағы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Яна Качур қорытындылады.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы