378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Қ.Рысқұлбековты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі басталды

  • 339
  • UPD: 17:25, 30.05.2018
Алматыда Қ.Рысқұлбековты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі басталды

Алматыда халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековты еске түсіруге арналған халықаралық турнир басталды.

Он сегізінші мәрте ұйымдастырылған бокс бәсекесіне еліміздің әр өңірінен 100-ден аса былғары қолғап шебері жиналды. Қырғызстан мен Қытай және Түркиядан да боксшылар келіпті. Бүгін 52 және 56 келі салмақта ширек финалға жолдама алғандар анықталды. Ақжол Әбдуәли Әли Әлиақпаровтың осал тұсын тапса, Қуаныш Дүйсенбай Ерсұлтан Аңсағановты жеңді. Жандос Шералы Төлеген Асановтан басым түсіп, ширек финалға шықты. Жарыс жеңімпаздары жұма күні белгілі болады.

Жандос Шералы, жарысқа қатысушы:

Осының бәрі еңбектің арқасы. Не деймін?! Өзіме жеңіс, қарсыластарға сәттілік тілеймін. Бұл жарыс қызу үстінде. Алла бұйырса, алда екі кездесуім бар. Соларды жеңсем, осы жарыстың жеңімпазы атанамын. Алдағы Азия біріншіліктеріне қатысып, чемпион болып, әлем біріншілігінде орын алып, одан соң алда Токио Олимпиадасы тұр. Мақсат сол бізде.

Хабар 24 телеарнасы