387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық үш боксшы жекпе-жектен уақытша шеттетілді

  • 377
Қазақстандық үш боксшы жекпе-жектен уақытша шеттетілді vesti.kz

Квебектің бокс комиссиясы қазақстандық боксшылар Садриддин Ахмедов (2-0, 2 КО), Нұрзат Сабыров (6-0, 5 КО) және Батыр Жүкембаевті (13-0, 11 КО) жекпе-жекке шығудан уақытша шеттетті.

Оның себебі – спортшылар осы демалыста жекпе-жек өткізген соң, қайтадан қалыптарына келулері керек. BoxRec.com сайтының мәліметінше, Ахмедов рингке 2 маусымнан кейін, Сабыров 9 маусымнан кейін, Жүкембаев 17 маусымнан кейін оралады.

Сабыров пен Ахмедов рингтегі келесі жекпе-жектерін 16 маусымда өткізеді, қарсыласының кім екені әзірге белгісіз.

Естеріңізде болса, осы жексенбіде Садриддин Ахмедов 84 секундта аргентиналық Ариэля Алехандро Сампердиді (9-4, 7 КО) нокаутпен, Батыр Джукембаев тағы бір аргентиналық Хонатан Хосе Энисті (20-10-1, 7 КО) техникалық нокаутпен ұтқан еді.

Ал Нұрзат Сабыров қарсыласы мексикалық Роландо Паредесаны (13-7-2, 10 КО) төрешілердің шешімімен тізе бүктірген болатын.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы