382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Путинцева «Ролан Гаррос» жарысының үшінші айналымына шықты

  • 238
  • UPD: 23:16, 30.05.2018
Путинцева «Ролан Гаррос» жарысының үшінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің екінші маусымның 1/16 финалына өтті.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Қазақстандық спортшы әлемнің 86-ракеткасы, америкалық Дженнифер Брэдиді 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағаттан 28 минутқа созылды. Айта кетейік, екінші айналымда Юлия Путинцева 22 ракеткасы, британдық Джоанна Консой екі сетте ұтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы