384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гималай тауының ең биік шыңын бағындырған Мақсұт Жұмаев елге оралды

  • 1172
  • UPD: 21:18, 31.05.2018

Эверест шыңын екінші рет бағындырған Мақсұт Жұмаев елге оралды.

Айта кетейік, алғаш рет қазақстандық альпинист аталған шыңға 2007 жылы шыққан болатын.

Бұл жолы Мақсұт Жұмаев таудың оңтүстік беткейімен жоғары өрмелеп, Гималайдың ең биік нүктесіне жеткен. Жалпы Эверест шыңына апаратын екі бағыт бар: оңтүстік және солтүстік. Бұл екі бағыт бойынша жүріп өткен альпинистердің саны 10-ға жуық. Енді олардың қатарында қазақстандық спортшы да бар.

Естеріңізге сала кетсек, Мақсұт Жұмаев әлемнің ең биік нүктесіне 18 мамырда жеткен еді. Ол өзінің бұл жеңісін Астананың 20 жылдық мерейтойына арнады.

Мақсұт Жұмаев ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері:

- Бұл өмірде кездейсоқ ештеңе жоқ. Мен осыдан 10 жыл бұрын Манаслу шыңына шықтым. Бұл сапарымды Астананың 10 жылдығына арнаған едім. Ал осы жолы экспедицияға бір ай қалғанда, маған 20 жылдыққа қатысты ұсыныс түсті. Қуана келістім. Себебі мен үшін өзімнің әскери-спорттық өміріммен қатар азаматтық позициямды қатар алып жүру өте маңызды. Сондықтан бұл сапарым жөнінде барынша көп адам білсе деген оймен осы экспедицияға аттандым.

Хабар 24 телеарнасы