386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зидан «Реалдан» кетті

  • 540
  • UPD: 18:02, 31.05.2018
Зидан «Реалдан» кетті SmotriSport.TV

Мадридтің «Реал» футбол клубын 2,5 жыл жаттықтырған Зиннедин Зидан қызметінен кетті.

Бұл туралы Cadena Ser басылымы хабарлады.

Басылым ақпараты бойынша, бүгін бас жаттықтырушы арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, командадан кетуге шешім қабылдағанын хабарлаған.

Айта кетейік, француз маманы испандық клубпен айтарлықтай жетістікке жетті. Ең бастысы Чемпиондар лигасында үш жыл қатарынан топ жарды. Үлкенді-кішілі 9 бірдей чемпиондық атақты иеленді.

Зиннедин Зиданның орнына қазіргі таңда «Тоттенхэмді» жаттықтырып жүрген аргентиналық маман Маурисио Почеттино келуі мүмкін.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы