386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Желаяқ Усэйн Болт енді футболмен айналысады

  • 460
  • UPD: 18:13, 31.05.2018
Желаяқ Усэйн Болт енді футболмен айналысады

Олимпиаданың 8 дүркін чемпионы, атақты желаяқ Усэйн Болт енді спорттық мансабын жасыл алаңда жалғастырады.

Ямайкалық жеңілатлет үлкен спортпен қош айтысқан соң футболға бет бұрды. Ала доппен кәсіби түрде айналысуды армандайтын ол мақсатына жетуге шындап кірісті. Жеңіл атлетикада жүлде біткеннің бәрін жеңген спортшы қазір Норвегияда жүр. Болт ел астанасы Ослодан 40 шақырым жердегі Драммен қаласының командасына қосылды. 31 жастағы атлет футболшылармен бірге жаттығу жасап, алдағы жолдастық кездесуге қатысудан үмітті. Команданың спорттық директоры Йостейн Фло Болтқа 9 да 58 нөмірі жазылған жейдені сыйға тартқандарын айтады. Бұл сан Болттың 100 метрліктегі әлемдік рекордының уақыты екені белгілі. 

Хабар 24 телеарнасы