384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты

  • 255
  • UPD: 18:17, 01.06.2018
Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция ашық біріншілігі – «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Доданың үшінші айналымында отандасымыз қытайлық Ван Цянмен кездесіп, 1:6, 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте қазақстандық теннисші 0:4, ал үшінші сетте 0:3 есебімен жеңіліп тұрып, жеңісті жұлып алды. Кездесу 2 сағат 19 минутқа жалғасты.

Хабар 24 телеарнасы