384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайда SportFEST оқушылар спартакиадасы өтіп жатыр

  • 934
  • UPD: 22:45, 02.06.2018
Бурабайда SportFEST оқушылар спартакиадасы өтіп жатыр

Бурабайда мектеп оқушыларының республикалық спартакиадасы өтіп жатыр.

Оған еліміздің 14 облысымен 2 қаласының 800 мектебінен балалар келген. Сайыс «Балдаурен» оқу-сауықтыру кешенінде ұйымдастырылған. 5 маусымға дейін созылатын жарыста қатысушылар футбол, волейбол, шахмат ,теннис тіпті тоғызқұмалақ пен әскери спорт түрлерінен де күш сынасады. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға қомақты сыйлықтар дайындап отыр. Яғни үздік шыққандар велосипед, гироскутер және самокаттарға ие болмақ. Сондай-ақ бұл жарысты жыл сайын ұйымдастыру жоспары да бар. Сайыстың салтанатты ашылу рәсіміне сенатор Дариға Назарбаева және бірқатар министрлік өкілдерімен қоса қоғамдық ұйым мүшелері, сондай-ақ атақты спортшылар қатысты.

Ақжол Итеш, спартакиадаға қатысушы:

- «Спортфест» финалы бағдарламасы жақсы өтуде, одан бөлек мәдени шаралар, турлі экскурсиялар, дискотека, концерт өтіп жатыр, ойын қиындау, бірақ ұтуға тырысамын. Басқа қалалардан жаңа достар таптым.

Хабар 24 телеарнасы